ҚазАгроҚаржы
жылдық есебі 2019

ДАМУ
СТРАТЕГИЯСЫ

2020 жылғы 20 наурызда Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 2020-2029 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы бекітілді.

Жаңа Даму стратегиясына сәйкес Компания өз қызметін агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдығымен қамтамасыз ету жолымен аграрлық сектордағы паркті техникалық жарақтандырудың және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етуге шоғырландырады, бұл АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым міндеттерінің бірін іске асыруға Компанияның қосқан негізгі үлесі болмақ.

Қаржы менеджменті саласында да, сондай-ақ корпоративтік басқару саласында да Компания қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету екінші маңызды стратегиялық бағытқа айналмақ.

Компанияның 2019 жылғы қызметі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 2017-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін шешуге бағытталған, олар бойынша қызметтің түйінді көрсеткіштері толық көлемде орындалған.

Стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс туралы толық ақпарат «Стратегияны іске асыру» бөлімінде ашылған.

№1 стратегиялық
бағыт

Техникалық және технологиялық жарақтандыру арқылы АӨК бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жәрдемдесу

1-мақсат: Ауыл шаруашылығындағы техникалық жарақтандыруды және экспорттық әлеуетті ұлғайту

1-міндет. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі бойынша инвестициялар көлемін ұлғайту.

2-міндет. АӨК саласындағы экспорттық әлеуетті және еңбек өнімділігін дамытуға жәрдемдесу.


2-мақсат: Лизингтік қызметтерді жетілдіру және дамыту

1-міндет. Лизингтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік деңгейін арттыру.

2-міндет. «ҚазАгроҚаржы» АҚ өнім желісін, оның ішінде қаржыландырудың жаңа бағыттарын енгізу жолымен дамыту.

3-міндет. Компанияның бизнес-процестерін автоматтандыру.




№2 стратегиялық
бағыт

Компания қызметінің тиімділігі

1-мақсат: Компания қызметінің рентабельділігін арттыру

1-міндет. Меншікті капитал мен активтерді басқарудың тиімділігін арттыру.

2-міндет. Несие қоржынының сапасын арттыру.

3-міндет. Қаржыландырылған жобаларды мониторингтеу жүйесін жетілдіру.


2-мақсат: Үздік тәжірибеге сәйкес «ҚазАгроҚаржы» АҚ корпоративтік дамуы

1-міндет. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және Компания қызметінің ашықтығын арттыру.

2-міндет. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру.

3-міндет. Адами ресурстардың әлеуетін арттыру, нәтижеге бағдарланған корпоративтік мәдениетті дамыту.

2029 жылға қарай жаңа Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Жаңа стратегияның іске асырылуы ҚазАгроҚаржының лизингтік қызметтерді ұсыну арқылы АӨК қолдау мен дамытудың тиімді институты ретінде қалыптасуын көздейді. 2029 жылға қарай ҚазАгроҚаржы:

  • қазақстандық лизингтік компаниялар рейтингінде берік позицияға ие болған тұрақты шығынсыз компания;
  • клиенттік сервис сапасы бойынша лизингтік қызметтер нарығындағы көшбасшы;
  • саланың сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтерге қажеттілігін барынша қамтамасыз ететін АӨК дамытудың қуатты қаржы құралы.

Даму стратегиясын іске асыру қорытындылары бойынша Компания қызметінің мынадай көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

  • он жылдық кезеңде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемі кемінде 1 046 млрд теңгені құрайды;
  • активтердің рентабельділігі кемінде 1,65%-ды, меншікті капитал кемінде 5,01%-ды құрайды;
  • несие қоржыны бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) деңгейін 12%-дан аспайтын деңгейде ұстау;
  • қаржыландырудың барлық негізгі процестерін автоматтандыру;
  • үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

Осылайша, алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің кешенді іске асырылуы Қазақстанның АӨК-ін дамытудың жетекші және тұрақты қаржы институттарының бірі ретінде ұстанымды нығайтуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

1 046

млрд теңге

10 жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы техникасы лизингінің көлемі