9%-бен «Агротехника» жаңа қаржыландыру бағдарламасы іске асырылды, «Егінжай», «Өз жем — шөбіміз және «Сенімді фермер» қаржыландыру бағдарламалары 9%-бен жаңа қаржыландыру көзімен толықтырылды.
Fitch Ratings ұзақ мерзімді рейтингті BB+деңгейінде растай отырып, Компанияның рейтингтері бойынша болжамын «негативтіден» «тұрақтыға» өзгертті.
екінші облигациялық бағдарлама шеңберінде 5 жыл мерзімге облигациялардың екінші шығарылымының 4,09 млрд теңге мөлшерінде қосымша орналастыру жүзеге асырылды, осылайша облигациялар 12 млрд теңгеге тіркелген көлем шеңберінде толық көлемде орналастырылды.
Fitch Ratings ұзақ мерзімді рейтингті BB+ деңгейінде растады, болжамы «тұрақты».
Компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жекешелендірілетін объектілер тізімінен шығарылды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалдың ашылуы.
Компанияның 2017-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясына өзгерістер енгізілді.
Компанияның 2018 жылғы жылдық есебі жылдық есептер конкурсының қорытындысы бойынша қаржы секторында 3-ші орынға, сондай-ақ 100-ден астам конкурсқа қатысушылардың арасында 12-ші орынға ие болды.
Компания 6,2 млрд теңгені ішінара орналастыра отырып, 5 жыл мерзімге 20 млрд теңге сомасына екінші облигациялық бағдарлама аясында облигациялардың үшінші шығарылымын тіркеді. 2020 жылғы сәуірде шығарылым толық көлемде орналастырылды.
ҚазАгроҚаржыға 20 жыл толды.