ҚазАгроҚаржы
жылдық есебі 2019

БАСҚАРМА
ТӨРАҒАСЫНЫҢ
ҮНДЕУІ


Құрметті
оқырмандар!

2019 жылдың қорытындысы бойынша Сіздерге қошеметімді білдіріп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметінің нәтижелерін ұсынуға рұқсат етіңіздер!

2019 жыл Компания үшін торқалы жыл болды, бізге 20 жыл толды! Артқа көз жүгіртсек, ҚазАгроҚаржы қызметі аграрлық саланы қолдау мен дамытуға бағытталған тиімді және тұрақты қаржы институты болып табылатынын мақтанышпен мәлімдеуге болады. Біз осы жылдар ішінде көп нәрсені үйрендік, біз команда ретінде де, кәсіби тұрғыдан да өстік. Компанияның мамандануы және агроөнеркәсіп саласын терең білуі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның күшті жақтары болып табылады.

Өз жұмысымызда біз бірінші кезекте клиенттеріміздің қажеттіліктеріне бағдарланамыз. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Компания қоржынында 7,6 мыңнан астам клиент бар, оның 99%–ы — шағын және орта бизнес өкілдері. Сондықтан біз қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үздіксіз жұмыс жүргізіп келеміз, оларды барынша қолжетімді және тиімді етуге тырысамыз.

Лизинг өнім өндіруді және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі қорларды жаңартудың қарапайым және тиімді тәсілі болып қала бермек. Соңғы бірнеше жылда біз ауыл шаруашылығында лизингтік қаржыландыру танымалдығының жылдам артып келе жатқанын көріп отырмыз. 2019 жылы ҚазАгроҚаржы 5893 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 70%–ға артық, лизингтік қаржыландыру көлемі жаңа тарихи максимумға — 98,5 млрд.теңгеге жетті. 2000 жылдан бастап Компания барлығы 602 млрд. теңгеге 49 мың бірлік техника мен жабдықтарды лизингке берді.

Fitch Ratings ұзақ мерзімді рейтингін BB+ «тұрақты» болжам деңгейінде ұстап тұрудың арқасында және тиімді нарықтық тарту нәтижесінде өтімді қаражаттың жеткілікті деңгейі, кредиторлар алдындағы міндеттемелердің тиісінше орындалуы және несие қоржынының 13,4%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Бұл ретте, активтерді табысты басқару нәтижесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді — 9,2 млрд. теңге, бұл 2018 жылдың нәтижесінен 36,9%-ға және мәні 2,95%-ды құраған активтердің рентабельділігі бойынша жоғары.


Қаныш
Теміртайұлы
Избастин



«ҚазАгроҚаржы» АҚ
Басқарма
Төрағасы

Тәуекелдерді басқарудың құрылған тиімді жүйесі кредиттік, валюталық, баға тәуекелдерін уақтылы анықтауға, сенімді бағалауға және азайтуға мүмкіндік береді. Компанияның уақтылы қабылдаған шаралары сенімді клиенттердің көбеюін, қоржын сапасының жақсаруын және проблемалық жұмыс істемейтін активтер үлесінің төмендеуін қамтамасыз етеді.

Клиенттердің сенімі, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы»АҚ барлық командасының кәсіби және тәртіпке салынған жұмысы арқасында Компания қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізілді.

Елімізде машина-трактор паркін жаңартудың жоғары қажеттілігі сақталып отырғанын ескере отырып, Компания алдағы уақытта ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемін ұлғайтуға, өзінің көрсететін қызметтерін жетілдіруге және қызмет тиімділігін арттыруға бағдарды сақтайтын болады. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау бойынша кешенді жұмыс Компанияның одан әрі өсуі мен табысты дамуын және АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


9,2

млрд теңге

2019 жылдағы таза пайдау