Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың маңызды секторларының бірі болып табылады, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады, Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етеді, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ерекше әсер етеді.
АӨК секторының орнықты және тұрақты дамуы еңбек өнімділігіне байланысты. Қазіргі заманғы жабдыққа қол жеткізу өнімділіктің өсуінің маңызды факторы болып табылады.
Бүгінгі күні ҚР-да аграрий үшін сапалы жабдық алудың ең қарапайым және тиімді тәсілі – бұл ауыл шаруашылығы техникасын лизинг арқылы несиелеу. Жоғары қажеттілікті ескере отырып, мемлекет ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі бойынша субсидия түрінде үлкен қолдау көрсетеді.
Бүгінгі таңда ҚазАгроҚаржы АӨК лизингі нарығында жетекші орынға ие және 20 жыл бойы қолжетімді және тиімді шарттарда лизингке техника мен жабдықтарды ұсынатын негізгі қаржы институты болып табылады. Компания өз қызметінің барлық бағыттары бойынша тағы да жоғары нәтижелер көрсетті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша активтер мен меншікті капитал табыстылығының көрсеткіштері 100%-дан астам орындалды. Бұған кірістердің өсуі мен шығыстардың қысқаруы арқасында қол жеткізілді. Таза табыс 9,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылы лизинг көлемі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 56%-ға өсті. 2017 жылдан бастап компания енгізетін клиентке бағдарланған стандарттар қызметтердің қол жетімділігі деңгейінің оң серпініне әсер етті. Осылайша, тәуелсіз зерттеу қорытындысы бойынша компания қызметтеріне қанағаттанудың жалпы деңгейі 2019 жылы 92%-ды құрады.
Корпоративтік басқару деңгейін жетілдіру компанияның тиімді қызметінің және оның беделін нығайтудың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Компанияның корпоративтік басқару деңгейі 2019 жылы жоспар 85% болғанда 89% құрады. Директорлар кеңесі мен оның мүшелерінің жұмысын кешенді және жан-жақты бағалау оның тиімділігін және заңнама мен халықаралық практика талаптарына сәйкестігін көрсетті. Аграрлық сектордың техникалық жарақтандырылуын арттыруға арналған мемлекеттік саясаттың бағыттылығына сүйене отырып, компания 2020-2029 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын қабылдады, оны іске асыру ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы лизингінің көлемін ұлғайтуды, қызметтер көрсетуді жетілдіруді және Компания қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ
Директорлар кеңесінің
төрағасы
Жаңа стратегия қызметінің бірінші негізгі бағыты техникалық және технологиялық жарақтандыру арқылы АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Бұдан басқа, техника лизингі көлемін, сондай-ақ АӨК саласындағы экспорттық әлеуетті және еңбек өнімділігін жыл сайын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Екінші стратегиялық бағыт ретінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру таңдалды. Осы бағыт шеңберінде компания қызметінің табыстылық деңгейін қолдау, оның ішінде меншікті капитал мен активтерді басқару тиімділігін арттыру, несие қоржынының сапасын арттыру, қаржыландырылған жобалардың мониторингі жүйесін жетілдіру арқылы жұмыс жүргізілетін болады. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және Компания қызметінің ашықтығы деңгейін арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін және кадр саясатын одан әрі дамыту жалғастырылады.
Нәтижесінде, стратегияны іске асыру 2029 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизинг көлемін 1,6 есеге (75-тен 120 млрд.теңгеге дейін), қаржыландырылған инвестициялық жобалар бойынша еңбек өнімділігі 1,4 есеге (1 қызметкерге 3,3 млн теңгеден 4,5 млн.теңгеге дейін) және қоғам қаржыландырған жобалар бойынша өнім экспортының көлемі 1,4 есеге (23,5-тен 36 млн.ға) ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды пайдалана отырып және клиентке бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізе отырып, ҚазАгроҚаржы жұмыс істеп жатқандардың адалдығын арттырып және жаңа клиенттерді тарта алады, ал операциялық тиімділік тұрақты ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз етеді. Қабылданған шаралар компанияға отандық аграрийлерді қолдауға алдағы уақытта жетекші орынға ие болуға бағалы үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.