Компания ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әртүрлі санаттарының мүдделері мен қажеттіліктеріне жауап беретін және техниканы тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік беретін қаржыландыру бағдарламаларының кең теңдестірілген өнім желісін іске асырады.
Компанияда мынадай бағдарламалар жұмыс істейді:
лизингтік жобаларды қаржыландыру:
бұрын қаржыландырылған жобалар шеңберінде айналым капиталын толықтыру;
арнайы лизингтік бағдарламалар:
жабдықтың қаржылық лизингі — отандық және шетелдік өндірістің жабдығы (монтажды қажетсінетін, қажетсінбейтін).
Мерзімі | Алғытөлем | Мөлшерлеме | |
---|---|---|---|
Ауылшаруашылығы техникасы | 10 жылға дейін | кемінде 15% | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) жылдық 9% |
Биологиялык активтерді, а/ш және балық өнімдерін тасымалдайтын көлік құралдары, жүк вагондары | 7 жылға дейін | кемінде 15% | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) |
Мелиорациялық жұмыстарға және а/ш жұмыстарына арналған арнайы техника | 7 жылға дейін | кемінде 20% | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) |
Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттеу | 3 жылға дейінгі кредиттік желі, 1 жылға дейінгі транш | талап етілмейді | жылдық 12% (субсидиялауды есепке ала отырып) |
Мерзімі | Алғытөлем | Мөлшерлеме | |
---|---|---|---|
«Беларусьте жасалған» Беларусь Республикасында шығарылған техника мен жабдықтар |
5 жылға дейін | кемінде 20% | жылдық 1% (субсидиялауды есепке ала отырып) |
«Экспресс-лизинг» Табысты растаусыз |
10 жылға дейін | кемінде 25% | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) жылдық 9% |
«Шебер-лизинг» 1 жылға арналған лизингтік желі |
10 жылға дейін | 10-25% | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) жылдық 9% |
«Қазақстанда жасалған» ҚР-да шығарылған/құрастырылған а/ш техникасы мен көлік құралдары |
10 жылға дейін | кемінде 15% | 6% (НФ РК) |
«Сенімді фермер» Алғытөлемсіз лизинг |
10 жылға дейін | талап етілмейді | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) жылдық 9% |
«Өз жем-шөбіміз» Мал азығы өндірісіне арналған техника |
10 жылға дейін | кемінде 10% | жылдық 7% (субсидиялауды есепке ала отырып) жылдық 9% |
Сыйақы мөлшерлемесін мемлекет 10% мөлшерде субсидиялайды (қарыз алушылар үшін түпкі мөлшерлеме жылдық 7%).
Алғытөлемдi мемлекет инвестициялық салымдардың 25%-ына дейінгі мөлшерде субсидиялайды.
2019 жылы сонымен қатар «Агротехника» және «Егінжай» арнайы бағдарламалары сәтті іске асырылды және аяқталды. 2020 жылы отандық машина жасау саласын дамытуды колдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» жаңа арнайы бағдарламасы енгізілді.