ҚазАгроҚаржы
жылдық есебі 2019

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (ҚазАгроҚаржы, Компания, ҚАҚ) ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсету арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсетеді.

Компания еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал ете отырып, қызметін 20 жыл бойы табысты жүзеге асырып келеді.

Саладағы жоғары құзыреттілік, нарықтағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі, дамыған филиалдық желі, күшті кадрлық құрам, сенімді кредиттік рейтингтер және қаржы қаражатын тартуға қолжетімділік сияқты бәсекелік артықшылықтары лизинг нарығында жетекші позицияны сақтауға және отандық фермерлер үшін сенімді серіктес болуға мүмкіндік береді.



Миссиясы

Сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу.

Пайымдауы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ — саланың заманауи және жоғары технологиялық техникаға қажеттілігін қамтамасыз ететін Қазақстанның АӨК лизинг нарығындағы көшбасшы.

Саладағы тағайындалу мақсаты

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін қолжетімді қаржы құралдарымен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңарту.



Бәсекелік
артықшылықтары

  • лизинг саласындағы 20 жылдан астам тәжірибе;
  • қаржыландырудың қолжетімді шарттары;
  • қызмет көрсетудің клиентке бағдарланған стандарттары;
  • танымал бренд және оң бедел;
  • кредиттік рейтингтің жоғары деңгейі;
  • кең филиалдық желі;
  • нарықтық құралдарды пайдалана отырып, қаражат тартудағы табысты тәжірибе;
  • кадрлық құрамның жоғары құзыреті;
  • ауыл шаруашылығы техникасының жетекші жеткізушілері мен өндірушілерінің үлкен базасының болуы;
  • 2008 жылдан бастап Қазақстан қор биржасындағы листинг;
  • қызмет ашықтығының жоғары деңгейі;
  • корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс.


15

филиал

кең филиалдық желі

Қызмет
географиясы

Еліміздің барлық өңірлерінде 15 филиалы бар. Жақын және алыс шет елдердегі техника жеткізушілермен ынтымақтастық.



Лицензиялар

  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын ұлттық валютада жүргізуге лицензиясы (2006 жылғы 31 наурызда алынды).
  • ISO 9001-2015 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттау.


Рейтингтері

  • 2019 жылғы 28 қаңтарда Fitch Ratings Компанияның рейтингтері бойынша болжамын «негативтіден» «тұрақтыға» өзгертті, шетел және ұлттық валюталардағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) «BB+» деңгейінде расталды. 2019 жылғы 4 сәуірде Fitch Ratings шетел және ұлттық валюталарда ұзақ мерзімді ЭДР-ді «BB+» деңгейінде растады, болжамы «тұрақты». 2020 жылдың 2 сәуірінде Fitch Ratings ВВ + деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингті растады, болжам «тұрақты».
  • «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарындағы корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесіне сәйкес корпоративтік басқару рейтингі 2019 жылы 88,6%-ды құрады.


Корпоративтік басқару
рейтингі

88,6%